«Тестке бармаған мұғалімге қысым жасалмайды» деді Ернұр Дәуенов
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында бүгін «Мақсатты мектеп»жобасына қатысты жиын өтті деп жазады Democrat.kz.
Жиынның басты мақсаты- «Мақсатты мектеп» жобасына қатысты мәселелерді талқылау және түсіндірме жұмысын жүргізу.
Жиынға Оқу ағарту министрлігінің өкілі Ернұр Дәуенов Астанадан арнайы келіп қатысты.
Жиын барысында сөз болған тақырыптарды ертең кеңінен баяндап, жазамыз.
Democrat.kz. сайтының тілшісі министрлік өкілінен: «Мақсатты мектеп» жобасының тестіне мұғалім мүлде қатыспаса, не болады?» деген сұрағына: «Ол- мұғалімнің өз еркі. Қысым көрсету деген мәселе мүлде болмайды»,-деп жауап берді.
Мұнан бөлек те Ернұр Дәуенов түрлі маңызды сұрақтарға жауап берді. Ол туралы келесі мақаламызда жазылады.
Фото интернеттен алынды.