"Енем қайнағамның қойнына жатқызды" деген келіншектің жазбасы жұртқа жаға ұстатты

"Енем қайнағамның қойнына жатқызды" деген келіншектің жазбасы жұртқа жаға ұстатты

Әлеуметтік желіде психолог Салтанат ханым өзіне келген оқырманның сұмдыққа толы хатын жариялап, жұрт жағасын ұстап, пікір жазуда деп жазады Democrat.kz. 

Өз хатын анонимді түрде жолдаған келіншек: "Салта ханым сізден басқа кіммен ақылдасарымды білмей отырмын.Анама айтуға қысыламын.

Сізді құрметтеп жақсы көріп оқимын.Қалай жауап берсенізде жаныныз ашып тұрады.Салта ханым тұрмыс құрғаныма 2 жыл болды.

Бір бөпем бар енемнің қолында тұрамыз.Осыған шейін қайын ағам әйелімен тұрды.Олар ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай жүр кінә жеңгем жақтан болып тұр екен.

Қанша жыл екенін айтпай-ақ қояйын сізді көп таныстарым тығылып оқиды.Күйеуім жақсы мен келе салып туғаныма қайын ағам қынжылып қалыпты.Содан ешкім жоқта енем қайын ағам екеумізді шақырып сөйлесті.

Маған эко жасайық деді бірақ күйеуім ондайға қарсы өйткені бала қайын ағам екеуміздікі болып саналады.

 

Енем содан тағы жинап сөйлесті жылап баласын бала сүймей кетеді деп маған қайын аған құшағына бір рет кір деп жалынды.Күйеуім, абысыным білмесін тек үшеуміз білейік деді.Енем жылағанын көріп қалай келіскенімді түсінбей қалдым.Содан енем қайын ағам екеуміз жатуымызды ұйымдастырып жатқызды.

 

Бірақ бұл цикл көтермедім енді енем қыр соңыма түсіп көтергенше жата бер деп отыр.Эко деген ақша өзін туып бер деп қоймайды.

Менін оған арым жібермейді қайын ағам болса маған өзі жазып қоймайды.Не істесем болады қандай кеңес айтасыз қиын жағдайда тұрмын.

Барынша қысқартып жазуға тырыстым.Жасырын ғып шығарынызшы сізге сенгенімнен жазып отырмын", деген. 

Мынау хатқа қатысты психологтың оқырмандары асқан надандыққа, білімсіздік пен топастыққа сын айтып, жағаларын ұстауда. 

Барлық жаңалықтар