Иран соғысы: Трамп пен Путин өзара саудаласуды бастады

Иран соғысы: Трамп пен Путин өзара саудаласуды бастады

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасында әлдебір сауда басталғаны туралы шетелдік БАҚ жарыса жазуда деп хабарлайды Democrat.kz.

Телефонмен сөйлесу кезінде Путин Трампқа "соғысты аяқтау" үшін Ресейге Ираннан шамамен 450 кг уран беруді ұсынған, деп жазады Axios. 

Алайда Трамп бұл ұсыныстан бас тартқан көрінеді. Мәскеу бұл материалды сақтау және қайта өңдеудің техникалық мүмкіндіктеріне ие бола отырып, өз аумағына көшіруді ұсынған.

 Вашингтонда бұл бастама қабылданбады, керісінше  Иран уранын қатаң бақылауға алуды талап етті. Уранның бұл қоры одан әрі байытылған кезде 10-нан астам ядролық бомба өндіруге жеткілікті. 

Барлық жаңалықтар