Тілегіңіз орындалсын десеңіз…

0
294

Адам баласы жаратылғалы бері тілегін орындайтын түрлі тылсымдарға сенетіні, ниет ететіні белгілі ғой. Сондай-ақ айналамызды қоршаған түрлі сызба, сандар да адамзатқа көрсетілген әлдебір белгі екені сөзсіз. Бәлкім, суреттегі белгі де сіздің тілегіңіздің орындалуына бағыт көрсеткен белгі болар, қалай ойлайсыз?

Олай болса, кез келген тілегіңіздің орындалып, арманыңызға қол жеткізгіңіз келсе, суреттегі белгіні сол алақаныңызға қызыл қаламсаппен сызып, салыңыз. Суретті дәлме-дәл етіп көшіріп салып отырғанда, тілегіңізді іштей қайталап отырыңыз.

Сызып болған соң да, көзіңізді жұмып, тілегіңізді күбірлеп тағы бір рет айтыңыз. Үш сағат бойы сурет өшіп қалмауы үшін қолыңызға су тигізбеңіз. Үш сағаттан кейін алақаныңызға салған суретті өзіңіз өшіріп тастасаңыз да, су тиіп өшсе де бола береді. Ал, бағыңызды сынап көріңіз! Сәттілік болып, тілегіңіз орындалсын!

Фото ашық дереккөзден алынды.