Төрештің қарындасы еңіреп жылады (ВИДЕО)

0
2209

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы еңірей жылап, халыққа назын айтты деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Сөзіне қарағанда, Фариза Төреәлі Көкшетау маңында күйеуі екеуі мешіт салу ниеті болған. Алайда жергілікті тұрғындар бұған қарсы шығып, «мешіттің керегі жоқ» деген көрінеді. Осыған әрі таңданып, әрі ызаланған Фариза еңірей жылап, видео үндеу жасады.

«Біз Дархан екеуіміз мешіт саламыз деп арнайы ақша жинадық. Осы үшін көп еңбек етіп жүрміз. Бұдан бізге бір тиын түспейді. Басқа да зауыт, фабрика салуға да болатын еді. Алайда қалтамыз көтеретін нәрсе салғымыз келді. Мынадай киеліііі нәрсе де бұл, Алланың үйі деген нәрсеге жаман бір сөз тимеуі керек те… 22жастағы қызбын, Дархан 26 жаста. Осындай жастарды қолдамай жатса үлкендер, басқа адамдардан не сұрау керек?» деп таусыла зарын жеткізді Фариза.

Фото ашық дереккөзден алынды.

@erke_esmahan_raim

♬ оригинальный звук — Жақсы адамдарым