18-ге толмай балалы болу: Абай Бегейдің қызының бұл әрекеті пропаганда емес пе?

18-ге толмай балалы болу: Абай Бегейдің қызының бұл әрекеті пропаганда емес пе?

Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желі парақшасында бүгін 18-ге толғанын айтып, сурет жариялады деп жазады Democrat.kz.

"18 мне уже. Жаңа жасым құтты болсын. Осы жасым бақытқа, шатыққа, мейірімге, махаббатқа толы болып өтсін.

 Алға қойған мақсаттарыма жете берейік. Бұл жасты басқашаааа қарсы алып жатырмын. Бәәрі басқа. Күйеуіммен, баламызбен… Бақыт деген осы екен ғой"деп жазды Сымбат Абайқызы. 

Жайшылықта ЛГБТмен алысуды ерлік санайтын белсенділер мен депутат Еділ Жаңбыршинге 16 жастағы қыздың байға тиюі, балалы болуы ерсі көрінбейді, мұндайларға тосқауыл қойып, күреспейді. Неге? 

Ел алдында жүрген Сымбат секілділердің пропагандасы "бір жерлеріне майдай жағатын" бұл қоғамның күрескіштері дәл осы тақырыпта үн шығармайтыны қалай?

Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынас жасауды қалыпты санау емес пе бұл, қалай ойлайсыз?

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

Барлық жаңалықтар