Өсімнің негізгі күші — шикізаттық емес сектор: Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өсті

Өсімнің негізгі күші — шикізаттық емес сектор: Қазақстан экономикасы 4,2%-ға өсті

Қазақстан экономикасы 2026 жылдың тоғыз айында 4,2%-ға өсті. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауда салалары жалпы ішкі өнім өсімінің 75%-дан астамын қамтамасыз етті. Үкімет отырысында жарияланған бағалау бойынша, шикізаттық емес сектордағы өсім 5,4%-ды құраған деп жазады Democrat.kz.

13 қазанда өткен Үкімет отырысында еліміздің қаңтар–қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың өсу қарқыны қаңтар–тамыздағы 4,1%-дан тоғыз айдың қорытындысында 4,2%-ға жеткенін хабарлады. 

Есепті кезеңде экономикалық өсімге негізгі қолдауды шикізаттық емес сектор көрсетті. Ең жоғары өсу қарқыны байқалған салалар қатарында құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметтері және сауда бар. Осы төрт бағыттың жиынтық үлесі жалпы ішкі өнім өсімінің төрттен үшінен асты.

Бұл көрсеткіштер мұнай өндіру қысқарған кезеңде тіркеліп отыр. Министрдің мәліметінше, қаңтар–қыркүйекте мұнай өндіру көлемі 8,3%-ға төмендеп, 69,4 млн тоннаны құраған. Соған қарамастан, ел экономикасы оң өсімді сақтады. 

Тоғыз айдың нәтижесі экономикалық өсімді қамтамасыз етуде өндіріс пен қызмет көрсету салаларының маңызын көрсетеді. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік және сауданың үлесі шикізаттық емес бағыттардың экономиканың маңызды тірегіне айналып отырғанын аңғартады. 

Барлық жаңалықтар