№57 бұйрықтың кесірі: Жас мұғалім жұмыссыз сандалып жүр

№57 бұйрықтың кесірі: Жас мұғалім жұмыссыз сандалып жүр
Белсенді ұстаз Айман Сағидулла мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы 57- бұйрықтың педагогтарға қандай кесірі тиіп отырғанын айтып, министрге сауал жолдады деп жазады Democrat.kz. 
 
"Осында көптеген ел жанашырлары отыр. Менің миым жетпей отырған мәселе бар. Ойларыңызды айтсаңыздар.
 
57- бұйрық, жұмысқа қабылдау бұйрығы.
Жастар жұмыссыз жүр.
 
Жаңадан оқу бітірген жастарға да ,бұрыннан жұмыс істеп жүрген мұғалімдерге де жұмысқа қабылдау үшін жетістіктерге қойылатын балл саны бірдей.
Тапсыратын құжаттары әртүрлі.
Әр құжатқа балл қойылады. Кімнің балы көп, сол жеңеді. Әрине, жаңадан бітірген жастарда ондай жетістіктер жоқ.
Бұл әділ емес.
 
Жаңадан оқу бітірген жастарды жұмысқа қалай қабылдаған дұрыс?
Өз ойларыңызды айтыңыздаршы.
 
Жаңадан оқу бітірген жастар қандай жетістік көрсете алады?
Оларды қалай конкурсқа түсіре аламыз?
Конкурс оларды тек жеңіліске ұшырата береді.
 
Біз ертең 15 жылда зейнетке кетеміз. Білім саласына жастар ауадай қажет. Жастарға жұмыс бермейтін болсақ, білім саласы қартаяды. Мынадай конкурспен жастар жұмысқа тұра алмайды.
 
Оларды жолдама арқылы қабылдаса қалай болады? Не айтасыздар?
Егер жұмыс бере алмайтын болсақ ,мемлекеттің қыруар қаржысын жұмсап, неге оқытып отыр?
 
Жастардың тек көңілін қалдырады қазіргі 57 бұйрық. Басқа ешқандай әңгіме жоқ.
Жастар оқуды бітірді ме ,жұмыс істеуі керек.
 
Өз ойларыңызды айтыңыздаршы. Мен барлық пікірді оқып шығамын.
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым! Пікірлерге назар аударсаңыз!", деді Айман Сағидулла. 
 
Белсенді педагогтың бұл ұсынысына қатысты жүздеген кісі қолдау пікірін жазып, өз ұсыныстарын да білдіруде. 
 
 
Барлық жаңалықтар