"Ажырасқан әйелдің баласы күйеуінде қалуы керек" дейді қоғам белсендісі

"Ажырасқан әйелдің баласы күйеуінде қалуы керек" дейді қоғам белсендісі
Қоғам белсендісі Тоғжан Қожалы күйеуі мен әйелі ажырасқанда, арадағы бала күйеуінде қалуы керек деген жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
Тоғжан Қожалы ажырасқан әйелдер бар ауыртпалықты өз иықтарына артып, балаларын жалғыз өзі бағып, қағып, өсіріп жетілдіретінін айтып: "Бізде әйелдер балаларын сүйреп, бар қиындықты көреді. Ал ажырасқан еркек жаңа отбасын құрып, басқа өмірін бастайды. 
 
Неге осыны керісінше жасап көрмеске? Еркек пен әйел ажырасқанда, балалар еркекте қалсын. Ал әйел жаңа өмірін бастап, балаларына шамасы келгенше қарасып тұрсын. 
 
Ажырасқан әйел екінші күйеуге шықса, өгей әкеден балалар теперіш көретін жайттар өте көп. Мұнан бөлек, ажырасқан әйелдер тоқал болуға амалсыз көнуге мәжбүр болатыны тағы бар.  
 
Еркек пен әйел ажрасқанда, бала өз туыстарымен, әкесінің жанында қалғаны дұрыс емес пе? Қанша дегенмен ұрпақтарының жалғасы ғой сол балалар" дейді Тоғжан Қожалы өз жазбасында. 
 
Әйтсе де, бұл жазбаға қатысты еркектер жағы көбірек қарсылық білдіріп, пікір жазуда. 
Барлық жаңалықтар