Әкесінің "копиясы": Экс-депутат отбасылы әкімнен туған баласын көрсетті (ВИДЕО)

Әкесінің "копиясы": Экс-депутат отбасылы әкімнен туған баласын көрсетті (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желі парақшасында "отбасылы әкіммен жүріп, бала таптым" деген Ынташ Наурызова ұлының фото-видеоларын жариялады деп жазады Democrat.kz.

Өзінің ТикТок парақшасында экс-депутат Ынташ Наурызова баласымен өткізген сәттерінен фото-видео жариялап "Аллам өзің күш-қуат бере гөр" деп жазба қалдырды. 

Ынташ Наурызованың оқырмандары ә дегеннен "бала әкесінен ауымайды екен", "мына бала біздің әкімнің копиясы ғой?!", "мына баланы әкімнің баласы екеніне днк-ның керегі де жоқ қой", "мәссаған, әкесінің көшірмесі екен" деген пікірлер жазуда. 

Еске салып өтейік, бірнеше уақыттан бері экс-депутат Ынташ Наурызова Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаевтан ұлды болғанын, әкім ол баланы мойындамай жүргенін, еш қараспайтынын айтып үндеу жариялап, көмек сұраған еді.

Мұнан бөлек, Ынташ Наурызова әкелікті мойындату үшін ұлының ДНК тестін тапсырғанын, сотқа әкімнің үстінен шағым түсіргенін де хабарлаған.   

Барлық жаңалықтар