Осыған орай класс жетекшіміз Қибат Нәдірғалиқызымен бірге мектепке барып , ерекше жылы әрі мазмұнды кездесуге қатыстық.
Мәдина Серікбекқызы бастаған қазіргі ұстаздар ұжымы мен оқушылар күмбірлеген күймен қарсы алған сәттен бастап бәріміз тебіреніс пен қуанышқа толы ғажап күйге ендік. Кездесу барысында Қибат апай және түлектер естелікпен бөлістік.
Сонымен қатар сыныптас түлектер атынан көрнекті 50 автордың және өзіміздің кітаптарымызды мызды , арнайы жасалған 10 тоғызқұмалақ тақтасын мектепке тарту еттік.
Осы кездесуге Астанадағы сыныптастар дайындала бастағанда маған өлең жазу тапсырылды. Ұстаздарымыз бен мектепке арналған өлең жолдарын Жақсыгелді Сейіловтың “ Кездесу” әніне салып айтқан сәт айрықша шаттық пен толқыныс ұштасуымен есте қалды.
Айта кетерлігі , 1973 жылы атақты композитор Жақсыгелді Сейілов бізге ән сабағын жүргізген еді.
Мектебіміздің бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары да өз өнерлерін ортаға салып , түлектерге тілектерін арнады.
Мектептің қазіргі ұжымында біздің ұстаздарымыздың және қатарларымыздың балалары мен немерелері де жұмыс істейді екен. Олармен танысу да тебіреніске толы болды.
Кездесу барысында 8 мектеп түлектерінің ассоциациясын құру туралы бастама көтердік.
Мектептен шыққан соң дәмханада бұл фәниден өткен ұстаздарымыз мен кластастарымызға құран бағыштап , ас бердік.
Сонымен мектеп бітіргеніміздің 50 жылдығы лайықты атап өтілді.
Барша сыныптастар атынан Мәдина Серікбекқызы және ұстаздар ұжымына , оқушыларға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Әнге қосқан өлеңіміздегі : “ Елу жылда өзгерсе де тәніміз , Кездескенде жасарады жанымыз. Мектеп үшін мәңгі шәкірт бәріміз , Ұстаздарға арналады әніміз”
деген жолдарға сай бір серпіліп, жанымыз жасарып қалды.
Мектебіміз бен ұстаздарымызға мың алғыс!
P.S. Кездесуді бейнетаспаға түсіріп , әнімізбен қоса видео жасап берген Жезқазған телеарнасы ұжымы мен Базаргүл Сейітжанқызына мың алғыс!" деп жазды Әлихан Байменов.