GosAgro.kz порталында субсидия бойынша жасанды интеллект чат-боты пайда болады

GosAgro.kz порталында субсидия бойынша жасанды интеллект чат-боты пайда болады

Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге мемлекеттік субсидиялар туралы кеңес беретін жасанды интеллект негізіндегі чат-бот әзірлеп жатыр. Жаңа қызмет өтінім беру талаптары, қажетті құжаттар және мемлекеттік қолдау шарттары жөніндегі сұрақтарға жауап беруге арналған, деп жазады Democrat.kz.

Чат-бот GosAgro.kz мемлекеттік қолдау порталына енгізілмек. Оның көмегімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жиі қойылатын сұрақтарға мамандарға тікелей жүгінбей-ақ жауап ала алады.

Бұл шешім фермерлер үшін ақпарат іздеу уақытын қысқартуға және мемлекеттік органдардың өтініштерді өңдеу жүктемесін азайтуға бағытталған.

Министрлік жасанды интеллектіні аграрлық салада басқа бағыттарда да қолдануды қарастырып отыр. Атап айтқанда, ветеринария, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жерлерін бақылау жүйелеріне цифрлық технологиялар енгізілмек.

Ақмола облысында JerInSpectr жүйесі арқылы жерді спутниктік мониторингтен өткізу жобасы сыналған. Пилоттық аумақ шамамен 3 550 шаршы шақырымды қамтыған. Жоба нәтижесінде алынған тәжірибені 2027 жылы облыстың барлық аумағына тарату жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар