Жезқазғанда Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы, еліміздегі ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа үш бөлмелі пәтердің кілтін берді деп хабарлайды Democrat. kz.
Пәтер кілтін металлургке «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның бас операциялық директоры, Kazakhmys Smelting бас директоры Жәнібек Байғабелов табыс етті.
Пәтер беру – Әбдірашит Доспановтың көп жылғы адал еңбегіне, жоғары кәсіби шеберлігіне және мамандығына деген адалдығына көрсетілген құрмет. Оның отандық металлургия саласын дамытуға қосқан үлесін компания акционері Нұрлан Артықбаев пен «Қазақмыс» корпорациясы басқармасының төрағасы Руслан Өскенәлі жоғары бағалады.
Әбдірашит Қойшыбекұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен бірге айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын жұлдыз» және «Отан» ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар ол үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің толық кавалері.
Металлургтің жалпы еңбек өтілі шамамен 42 жылды құрайды. Оның 40 жылдан астам уақыты Жезқазған мыс балқыту зауытындағы еңбек жолымен байланысты. Ол 1985 жылдан бері осы кәсіпорында жұмыс істеп, жинақтаған кәсіби тәжірибесін жас мамандарға үйретумен қатар өндірістің озық дәстүрін жалғастырып келеді.
Оның өмірбаянында отбасылық еңбек әулетінің тарихы ерекше орын алады. Бірнеше буын өкілдерінің еңбек өтілінің жиынтығы 400 жылға жуықтайды. Әбдірашит Қойшыбекұлының ізін інілері жалғап, бүгінде зауытта еңбек етіп жүр.
Салтанатты шараға Еңбек Ері әріптестерімен бірге түнгі ауысымнан кейін келді. Ауысым барысында тазартылмаған мыс өндіру жоспары толық орындалды. Бұл оның мамандығына деген адалдығы мен ұжым алдындағы жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Әбдірашит Доспановтың еңбек жолы – өз ісіне адалдықтың, ұрпақ сабақтастығы мен жоғары кәсіби шеберліктің озық үлгісі.
«Қазақмыс» компаниясында компания мен Қазақстан өнеркәсібінің дамуына ондаған жыл бойы үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарының еңбегін лайықты бағалауға ерекше мән беріледі. Өндірістік дәстүрді сақтап, жинақтаған тәжірибесін жас ұрпаққа аманат етіп жүрген мамандардың еңбегін құрметтеу – компанияның маңызды басымдығының бірі.
Қазақмыс Қазақстанның Еңбек Ері Әбдірашит Доспановтың еңбегін жоғары бағалады
Фото "Қазақмыс".
-
Қазақмыс Қазақстанның Еңбек Ері Әбдірашит Доспановтың еңбегін жоғары бағалады12:26, 26 қараша 2026
4
-
«Шайтанды көрген»: Франциск папаның құпия күнделігінде не жазылғаны мәлім болды12:00, 26 қараша 2026
44
-
«Әр мұғалім 10 ата-ана шақырсын!»: Сайлауға ұстаздарды шапқылату басталды ма?11:40, 26 қараша 2026
80
-
Британ корольдігіндегі даулы іс: 82 жастағы қария 40 жылға сотталуы мүмкін11:00, 26 қараша 2026
33
-
"Мектептен кеттім!" деген "завуч" апай өз шындығымен бөлісті10:50, 26 қараша 2026
116
-
Ұстаздар білуге тиіс заң: Өзге мұғалімді алмастырсаңыз жалақыңыз қалай есептеледі?10:31, 26 қараша 2026
97
-
-
«Мұғалімді тексересіздер, ал министрлікті кім тексереді?»: Белсенді ұстаз өткір талап қойды09:55, 26 қараша 2026
195
-
"ЖИ мұғалімнің орнын басады": Желіде ұстаздар ерекше ұсыныстарын жеткізуде09:55, 26 қараша 2026
88
-
"Мәжбүрлеп газетке жаздырту": Заңсыздықты қолдайтын педагогтар бар екен09:00, 26 қараша 2026
98
-
«Күнкөріске жете ме?»: Қазақстанда 1,8 миллион адамның жалақысы өседі14:30, 18 қараша 2026
33471
-
"ПедСтарттың әділетсіздігі": Белсенді ұстаз "Дарын" олимпиадасына қатысты масқара жайтты ашық айтты10:50, 23 қараша 2026
8304
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты11:00, 18 қыркүйек 2026
6564
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты13:00, 17 қыркүйек 2026
6316
-
"Мұғалімдердің аттестациясы": "Өрлеудің" өкілі маңызды мәлімдеме жасады12:30, 16 қараша 2026
5902
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады14:00, 02 қыркүйек 2026
4951
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда10:00, 10 қыркүйек 2026
4877
-
Шетелге жұмысқа барып, бүкіл қарызынан құтылып, материалдық жағдайын түзеп алғандар11:30, 21 қараша 2026
4665
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?13:00, 16 қыркүйек 2026
3840
-
"Бұл масқара емес пе?": Білікті ұстаз министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір сауал жолдады10:00, 15 қазан 2026
3605