Алжыған кемпір» – Мақпал Жүнісова жұрттың сынына ұшырады

Алжыған кемпір» – Мақпал Жүнісова жұрттың сынына ұшырады

Әлеуметтік желіде тараған әншінің қылығы тыңдарман назарын ерекше аударды, деп жазады Democrat.kz.

Бейнежазбаны жүктеген автордың жазбасына қарасақ, жағдай Шымкент қаласында өткен «Ән мен әнші» кешінде болған. Онда секіріп билеген Халық әртісінің жарқыраған балтыры бірден көзге түседі. Алайда, қос етек көйлек киіп, үнемі сыпайы жүретін әншіге көзі үйреніп қалса керек, желідегі жұрт оның әрекетін жылы қабылдай қоймады. 

«Сахна мәдениеті, жарасымды қимыл керек», «Өзіне үйлеседі. Тимеңдерші, секіре берсін. Ұнамаса, тыңдамаңдар. Маған ұнайды. Жарайсыз!», «Ойбай, құрдас-ау, сахнада олай секірмеші. Құлап қалама деп қорқып отырдым, баяғыда бір конертте туфлидің өкшесі сынғаны жетер», «Алжыған кемпір, жараса ма енді?», – деді көпшілік.

(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар