Алматыда үйдің жанындағы ақылы тұрақты тегін пайдалануға болады: жаңа тәртіп түсіндірілді

Алматыда үйдің жанындағы ақылы тұрақты тегін пайдалануға болады: жаңа тәртіп түсіндірілді

Алматыда көпқабатты үйлердегі тұрғын үй немесе коммерциялық нысан иелері үйінің маңындағы бір коммуналдық ақылы автотұрақты тегін пайдалану құқығына ие болады, деп хабарлайды Democrat.kz.

Тұрғын өз үйінен 500 метрге дейінгі радиустағы коммуналдық тұрақты таңдай алады. Бір тұрғын немесе тұрғын емес нысанға бір автокөлік бойынша жеңілдік беріледі. 

Алайда нақты бір тұрақ орны азаматтың атына бекітілмейді. Яғни тегін пайдалану құқығы болғанымен, көлікті тек бос орын болған жағдайда қоюға болады.

Өтініштер 17 тамыздан бастап «Алматы паркинг» жүйесі немесе eOtinish арқылы қабылданады. 

Жаңа ереже жерасты, көпқабатты, механикаландырылған және көлікті ауыстырып мінуге арналған паркингтерге қолданылмайды.

Пәтер иесі өзінің құқығын бірге тұратын жақын туысына жазбаша келісім арқылы бере алады. Жалға алушылар да мемлекеттік тіркеуден өткен жалдау шарты негізінде осы мүмкіндікті пайдалана алады. 

Сонымен қатар бірқатар әлеуметтік санаттар, оның ішінде I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, бірқатар ардагерлер мен марапатталған көпбалалы аналар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған. 

Барлық жаңалықтар