Алпауыт кәсіпкер Димаш туралы ерекше жазба жариялады

Алпауыт кәсіпкер Димаш туралы ерекше жазба жариялады

Танымал кәсіпкер Кеңес Рақышев Димаш жайлы ерекше жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Димаш Құдайбергеновпен әңгімелесу үнемі жағымды әрі қызық өтеді. 30 жастан енді асса да, оның терең білімі мен өмірге деген өзіндік көзқарасы бар. 

Димаш Құдайбергеннің — Madison Square Garden сахнасында өткізген кешіне кішкене болса да өз үлесімді қосып,қолдау білдірдім. 
Өйткенң бұл концерт — әлемдік деңгейдегі тарихи сәт!
Димаш Нью-Йорктың жүрегінде өз дауысымен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулап, қазақ өнерінің абыройын асқақтатты.

Бұл кеш тек музыкалық шоу емес, бұл – ұлттың дауысы мен әлемді біріктірген рухани толқын.
Димаштың әр әні жүректі тербеп,тыңдарманның жанын баурайды.

Сахнадағы кәсібилігі, дауыс диапазоны мен энергетикасы сөзбен жеткізгісіз.

Осындай талант біздің еліміздің перзенті екеніне шексіз қуанып, мақтанасың"деп жазды кәсіпкер. 

Барлық жаңалықтар