Әнші Мақпал шымкенттіктерге ренішін білдіріп "қатырдыңдар" деді (ВИДЕО)

Әнші Мақпал  шымкенттіктерге ренішін білдіріп "қатырдыңдар" деді (ВИДЕО)

Шымкентке тойға барған әнші Мақпал Жүнісова "өзім шығарып салам" деген жігітке сеніп, ұшағынан қалып кетті деп жазады Democrat.kz.

"Шымкентке тойға келдік. "Ертең такси шақырмаңыз, өзім шығарып салам" деген жігітке сеніп, жолымнан қалып қойдым. Әлгі жігітке хабарлассам, телефонға жауап бермейді. Содан өзім такси шақыртып, әуежайға келдім. Өкінішке қарай, ұшақтан кешігіп қалдым", - деген Мақпал Жүнісова бүгін алдын ала тапсырысын алып қойған Алматыда екі тойы барын да айтады. 

"Келем деп сөз берген соң, келмей ме? Осылай құртасыңдар ғой. Жігіттер бұларың дұрыс болмады" деп ренішін білдірген әнші Алматыдағы тойға жете алмайтынын, ақшаларын қайтарып беретінін айтып, ыңғайсыз жағдайға қалғанына қынжылды. 

Барлық жаңалықтар