Ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,227 млрд теңгеге сатылмақ

Ақбөкеннің бір тонна мүйізі 1,227 млрд теңгеге сатылмақ

«Жасыл даму» АҚ бір тонна ақбөкен мүйізін 1 миллиард 227 миллион теңгеге аукционға шығарды. Бір келінің бастапқы бағасы 2600 доллар. Сауда 21 тамызда өтеді және оған Экология министрлігі рұқсат берген деп жазады Democrat.kz.

Қазақстанда ондаған жыл бойы ақбөкен мүйізінің айналымы браконьерлікпен байланысты ең ауыр экологиялық мәселелердің бірі саналды.

Енді мемлекет ақбөкен дериваттарын заңды аукцион арқылы сатуға кірісіп отыр.

«Жасыл даму» АҚ электрондық саудаға бір тонна ақбөкен мүйізін шығарған. Жалпы бастапқы құны — 1 227 148 000 теңге. Бір килограмы 2600 долларға бағаланған. Аукцион 21 тамызға белгіленген. 

Экология министрлігі мүйіз саудасына ресми рұқсат берген. Бұған дейін ведомство түскен ақшаны биоалуантүрлілікті қорғауға жұмсау жоспарын айтқан. 

Бірақ бұл саясаттың күрделі қайшылығы бар.

Полиция әлі күнге дейін заңсыз сақталған ақбөкен мүйіздері бойынша қылмыстық істер қозғап келеді. Мысалы, Жетісу облысында 464 мүйіз табылып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. 

 

Барлық жаңалықтар