Діншіл Дарын Мубаров Абайға қатысты пікір білдіріп, жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
"Абайды түсіну үшін арабша білуің керек. Арабша білетіндер, арабша білмейтіндерге қарағанда, Абайды көбірек түсінеді. Мысалы, Абайдың қара сөзінің бірінде "Аллаһу табараку тағаланы тану үшін хауасы уа хамсаның көмегі пайдалы" деген сөз бар. Кеудесін соққылап, "мен қазақпын" деген "любойынан" сұрашы, "хауасы хамса" деген не деп. Ал сен қазақсың ғой, түсіндірші осы сөзді?!
Өйткені Абай ол кездегілер түсінеді деп отыр. Абайдың кезінде бұлардың бәрі біледі. Ол кездегі бір молда мыналарды білмесе, күнәһар болатын.
"Хауас хамса" деген 5 сезім мүшелері. Алланы тану үшін арналған мүшелер" деген Дарын Мубаров "Абай - мұсылман" деген сөзін бірнеше рет қайталады.
Діндардың бұл сөзіне қатысты "арабша білмесек те, Абайды сенен жақсы түсінеміз", "мынаған қой дейтін министр жоқ па?", "Абайды Абай еткен араб емес, қазақ!" деген пікір жазған жұрт оны сын тезіне алды.