Атыраудағы сұмдық: Ақбаян тергеу кезінде тағы бір сұмдықты айтты

Атыраудағы сұмдық: Ақбаян тергеу кезінде тағы бір сұмдықты айтты

Атыраудағы тұтас бір отбасының қайғылы оқиғасына қатысты сотта тағы да бірқатар деректер жарыққа шықты деп жазады Democrat.kz.

Журналист Базаркүл Нәдірқызының сот залынан таратқан ақпаратында сот сараптама қорытындысы оқылғаны айтылады. Мұнан бөлек, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеу кезінде айтқан тағы бір сөздері мәлім болды.

"Сот сараптама қорытындысынан үзінді:
Басқа да бөлімдерде біріктіріліп анықталған аурулары кезіндегі ақыл кемдігі, деменция диагнозы, созылмалы психикалық ауруымен зардап шегеді. Мұқанғалиева Ақбаян Мақсотқызы өз әрекетіне баға бере алмайды және өз әрекетін басқара алмайды. Қоғамдық ортаға бейімделмеген, қорғаншылық тағайындауды қажет етеді", деп жазды журналист Базаркүл Нәдірқызы. 

Ал тергеу барысында күдіктінің бұрынғы әйелі Ақбаян: "Мен көбіне ұйықтай бердім. Телефонымды Сұлтан алып қойды"дегені мәлім болды. 

Барлық жаңалықтар