Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында зейнет жасына жеткен 70-ке жуық педагог пен білім саласы қызметкеріне тиесілі өтемақы уақытында төленбеген. Прокуратура араласқаннан кейін жалпы сомасы 8 млн теңге берешек толық өтеліп, мектеп басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
Мұнайлы ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында зейнет жасына жеткен педагогтер мен білім беру саласының басқа да қызметкерлеріне заңда көзделген өтемақы төленбегенін анықтаған.
Құқығы бұзылған қызметкерлердің саны 70-ке жуықтайды. Оларға төленбей қалған қаражаттың жалпы көлемі 8 миллион теңгені құраған.
Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты прокуратура қадағалау актісін енгізген. Нәтижесінде мектеп басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ал зейнет жасына жеткен педагогтер мен білім саласы қызметкерлеріне тиесілі барлық төлем толық көлемде аударылды.
Осылайша прокуратураның араласуынан кейін 70-ке жуық азаматтың бұзылған еңбек және әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді.