Белгілі репродуктолог бедеуліктің алдын алудың жолын айтты

Белгілі репродуктолог бедеуліктің алдын алудың жолын айтты

Еліміздегі биомедициананың негізін қалаушылардың бірі Салтанат Байқошқарова балалы болуға бағытталған кеңесімен бөлісті, деп жазады Democrat.kz.

«Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін денсаулығың үшін, болашақта ұрпақты  бола аласың ба, жоқ па, білу үшін дәрігерге баруға міндеттісің. Сол сияқты саған қанша ұрық берген? Отыз жасқа дейін ана болуға тиіссің бе, әлде отыздан кейін де мүмкіндігің бар ма?

Қазіргі кезде осыны да білуге болады. Үйленгеннен кейін міндетті түрде маманға бару керек. Егер етеккір бұзылыстары болса, немесе келмей жүрсе, оған немқұрайлы қарамаған жөн.

Мысалы, ұрық тапшылығы, ерте климкас деген түсінік те бар. Осыған байланысты алдын ала қаралып қойғанның қиындығы жоқ», – дейді репродуктолог-эмбриолог.

(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

 

Барлық жаңалықтар