Белгілі шенеунік, мемлекет қайраткері марқұм Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап естелік жазба жариялады. Ол әкесінің қандай әке болғанын еске алды деп жазады Democrat.kz. сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
"Әкем менің шешімдеріме сирек араласатын. Артық сұрақ қоймайтын. Шешім шығаруға асықпайтын. Менің әрекеттеріме мән беретін. Менің жауапкершілігіме қарайтын. Сөзімде тұрам ба, айналамдағы жандарды қалай таңдаймын - соған назар аударатын. Оған менің сөзім емес, қалай өмір сүргенім маңызды болды.
Оның бұл әрекетін тек өзім әке болған кезде ғана түсіндім. Кейде үздік тәрбие - таңдау жасауға кедергі келтірмеу.
Әке әрқашан қолыңнан ұстап жүрмейді. Кейде ол жаныңда тұрып, өзің жүруге қауқарың бар ма деп қарап тұрады", - деп жазды ол.