«COVID қайта келді ме?» деп алаңдады: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

«COVID қайта келді ме?» деп алаңдады: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар тамақ ауруы, жөтел, әлсіздік пен дене қызуы секілді COVID-ке ұқсас белгілері бар аурудың таралып жатқанын жазуда. Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары ұқсас белгілермен ауырып жатқанын жиі жаза бастады.

Шағымдардың арасында тамақ ауруы, жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуы және әлсіздік бар.

Осыдан кейін жаңа COVID толқыны болуы мүмкін деген болжам тарады.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдай бақылауда екенін хабарлады.

Ведомство маусымдық респираторлық вирустардың да осындай белгілер тудыруы мүмкін екенін еске салды.

Сондықтан тек симптомдарға қарап COVID диагнозын қою мүмкін емес. Ауыр белгілер, тыныс алудың қиындауы немесе ұзаққа созылған жоғары температура кезінде дәрігерге жүгіну қажет. 

Барлық жаңалықтар