Діни мерекеден келе жатқан: Сахара шөлінде 49 адам мерт болды

Діни мерекеден келе жатқан: Сахара шөлінде 49 адам мерт болды
Олар Мали еліндегі діни мерекеден үйіне қайтып келе жатқан. Сахара шөлінде, Нигер, Мали және Алжир шекаралары түйісетін аумақта жүк көлігінің бұзылуы салдарынан 49 адам көз жұмды, деп жазады Democrat.kz. сайты Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
 
Қаза тапқандардың барлығы – Нигер азаматы. Олар Мали еліндегі діни мерекеден үйіне қайтып келе жатқан.
300 шақырымнан асатын жол бірнеше күнге созылуға тиіс болған. Алайда жүргізуші жолдан адасып, жүк көлігі адам тұрмайтын, шөлді аймақта істен шыққан.
 
Екі ер адам жаяу 50 шақырым жүріп, су көзіне жетіп, кейін жақын маңдағы елді мекенге барып, көмек шақырған.
Бірақ құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 49 адамның барлығы қаза болғанын көрген.
 
Нигер билігінің мәліметінше, мұндай экстремалды жағдайда тірі қалу мүмкіндігі өте аз. Жолаушылар көлікті жөндей алмаған және су көзін таба алмаған. Марқұмдар сол жердегі бауырластар зиратына жерленді.
Барлық жаңалықтар