Алаяққа алданбаңыз: 2026 жылы 10 сотық жер телімін тегін қалай алуға болады? 

Алаяққа алданбаңыз: 2026 жылы 10 сотық жер телімін тегін қалай алуға болады? 

Әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттен 10 сотық жер телімін тегін алуға құқылы. Бұл заңда жазылған. Бірақ 95% адам мұны қалай алу керегін білмейді. Democrat.kz қадамдық нұсқаулығын дайындады.

Желіде "жер сатылып кетті, қарапайым халыққа жер жоқ" деген пікір көп. Шын мәнінде, жер бар. Тек кезекке тұру керек.

Кім жер ала алады?
Қазақстанның 18-ге толған кез келген азаматы. Сізде бұрын жер болса да, 10 сотықтық жерді алуға құқығыңыз бар. Тек бір рет беріледі.

Қай жерден береді?
Бұл жер үй салу үшін беріледі. Яғни, ЖТҚ - жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер. Алматы, Астана қалаларының ішінен жер жоқ, бірақ қала маңынан, аудан орталықтарынан, ауылдардан беріледі.

Қалай кезекке тұру керек? 3 қадам:

1-қадам: eGov.kz-ке кіріңіз
"Жылжымайтын мүлік" бөлімінен "Жер учаскесіне кезекті қарау немесе кезекке қою" деген қызметті таңдаңыз. ЭЦҚ қажет емес, SMS-пароль арқылы кіруге болады.

2-қадам: Өтініш түрі
Өңірді таңдайсыз. Мысалы: Алматы облысы, Қарасай ауданы. Өтініш берген соң сізге кезек нөмірі беріледі. Кезегіңізді eGov-та кез келген уақытта тексере аласыз.

3-қадам: Кезек қалай жылжиды?
Кезек жылжығанда әкімдік сізге хабарласады. Сізге нақты жер телімі ұсынылады. Келіссеңіз, 6 ай ішінде үйдің іргетасын бастауыңыз керек. Бастамасаңыз, жер кері қайтарылады.

Неліктен кезек жылжымайды дейді?
Себебі көп әкімдікте дайын инфрақұрылымы бар жер жоқ. Заң бойынша, жер беру үшін ол жерде свет, су, жол болуы керек. Инфрақұрылым жоқ жерді бере алмайды. Сондықтан кезек ұзақ.

Кезегімді қалай жылдамдатуға болады?
Заңды жолы - жоқ. Бірақ 2 амал бар:

  1. Ауылдық жерлерді таңдаңыз. Ол жақта кезек 10 есе тез жылжиды. Мысалы, Алматы қаласында 100 мың адам кезекте тұрса, Кербұлақ ауданында 300 адам ғана тұр.
  2. Әкімдіктің сайтында әр тоқсан сайын босаған жерлердің тізімі жарияланады. Сол тізімді қарап, өтініш жазыңыз.

Жиі қойылатын сұрақ:
Жерді сата аламын ба? - Иә, үй салып, құжаттарын рәсімдегеннен кейін ғана сата аласыз. Бос жерді сатуға болмайды.

Осы нұсқаулықты сақтап алыңыз және жақындарыңызға жіберіңіз. Көп адам әлі күнге дейін ақылы делдалдарға ақша беріп алданып жүр.

Барлық жаңалықтар