Емдеу кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға 502,6 млн теңге өтемақы төленді

Емдеу кезінде зардап шеккен қазақстандықтарға 502,6 млн теңге өтемақы төленді

Қазақстанда медициналық көмек салдарынан денсаулығына зиян келген пациенттер мен олардың отбасыларына екі жыл ішінде 502,6 млн теңге сақтандыру төлемі берілді. Өтемақыны дәрігердің өзінен өндіріп алудың қажеті жоқ, деп жазады Democrat.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі 2024 жылдың қазанынан бері жұмыс істейді.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 178 296 медицина қызметкері сақтандырылған. Оның 155 856-сы мемлекеттік, 22 440-ы жеке медициналық ұйымдарда жұмыс істейді.

Тек биыл медициналық ұйымдар 1 867 сақтандыру шартын жасасқан. Жыл басынан бері 112 жағдайда өтемақы төленген.

Пациент медициналық көмек кезінде өміріне немесе денсаулығына зиян келді деп есептесе, өзі емделген ұйымға өтініш бере алады.

Оқиғаны тәуелсіз сараптама комиссиясы қарайды. Оның құрамына профильді мамандар, кәсіби медициналық қауымдастық өкілдері және сақтандыру ұйымының мамандары кіреді. Ал оқиға болған медициналық ұйымның қызметкерлері комиссияға енгізілмейді.

Сақтандыру жағдайы расталса, өтемақыны медицина қызметкері емес, сақтандыру компаниясы төлейді. Сақтандыру жарнасын да дәрігердің өзі емес, медициналық ұйым өтейді. 

Барлық жаңалықтар