Ғалымдар дабыл қағуда: жер қыртысы бөлшектеліп жатыр

Ғалымдар дабыл қағуда: жер қыртысы бөлшектеліп жатыр

Солтүстік Тынық мұхитындағы Каскадия субдукция аймағында жүргізілген жаңа зерттеу жер қыртысының бөліктері ыдырап, ажырап бара жатқанын көрсетті, – деп деп жазады Democrat.kz. Сайты Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар бұл құбылысты тектоникалық плиталардың баяу қозғалысы және Жердің эволюциялық циклының табиғи бөлігі деп түсіндіреді. Зерттеу кезінде Ванкувер аралы маңындағы төрт плитаның — Explorer, Хуан-де-Фука, Тынық мұхиты және Солтүстік Америка — түйіскен тұсында 75 шақырымдық жарық сызығы анықталған.

Мамандардың айтуынша, бұл — субдукция аймағының біртіндеп «ыдырау» процесі. Плита толық қирап жатқан жоқ, бірақ біртіндеп микроплиталарға бөлініп, жаңа шекаралар түзіп келеді.

«Бұл пойыздың апаты емес, баяу рельстен шығуы секілді процесс», — дейді зерттеу жетекшісі доктор Шак.

Зерттеу нәтижелері Science Advances журналында жарияланды.

Барлық жаңалықтар