Биыл елімізде 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналмайды және әдеттегі жұмыс күні болып қалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.
«Жоқ, биыл бұл күн демалыс болмайды. Бұл күн жаңа Конституцияға байланысты алынды, өйткені басқа күн белгіленген. 30 тамыз мемлекеттік мереке де, демалыс күні де болмайды. Бұл — қалыпты жұмыс күні», – деді Ертаев Үкіметтегі баспасөз конференциясында.