Әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында танымал аудармашы Шынар Әбілданың бір шығармасын жариялап, оқырманын разы етті деп жазады Democrat.kz.
"Олар
Олар маған: «Сәл қарапайымдау болсаң қайтеді?» дегенде жылап жібердім.
Сонда олар маған: «Бәлкім, саған күлу керек шығар?» деді. Мен күлдім.
Сонда олар: «Өтірік күлдің» деді.
Мен қабағымды түйдім.
Сонда олар: «Міне, міне, жасырған болмысың көріне бастады» десті.
Мен үндемедім.
Сонда олар: «Тіліңді жұтып қойдың ба?» деді.
Мен сөйлеп едім, олар: «Мылжың екенсің» деді.
Мен оларға кеңдік таныттым, олар: «Қорқақ екенсің. Қайратты болсаң, кек алар ең» десті.
Мен қарсы дау айтып ем, олар: «Ақымақсың. Ақылды болсаң, текке дауласпас ең» деді.
Мен «Жоқ» десем, олар маған: «Кісікиіксің» деді.
Дегендеріне көніп, мақұлдап ем, «Екіжүздісің» деді.
Осыдан кейін елге қанша жағынуға тырыссам да, бәрібір сынға ұшырайтынымды түсіндім.
Имам әш-Шафиғи
Аударған - Шынар Әбілда" деп жазба жариялады Роза Әлқожа.
Әншінің бұл жазбасына оқырмандары қатты разы болып, алғыстарын жаудыруда.