ТикТок әлеуметтік желісінде "оқушысы жоқ мектеп мұғалімдер не істеп жүр" деген сұраққа түсірілген видео педагогтар қауымының жанды жерін басқандай, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода "қазір мектепте оқушылар жоқ қой, мектепке барып, не істеп жүрсіздер?" деген сауалға жауап берген тиктокердің сөздері ұстаздардың дәл қазіргі жағдайын нақты сипаттап берді.
"Оқушылар жоқ мектепте. Оқушы болмаса, оқушы іздейміз. Бірақ біз мектепке барып жүрміз. Күнде. Барғанда не істейміз? Кабинетті жинаймыз, қайта шашып, қайта жинаймыз.
Түрлі қағаздарды толтырып, жазу жазамыз. Сосын түскі уақытта түскі ас ішеміз. Тапқан ақшамыз сол түскі тамақ жеуге босқа кетіп жатыр.
Сосын тамақтанып біткен соң, тағы кабнетке келеміз. Кабинет жинаймыз. Сосын біреу кетеді, артынан біз де кетеміз", - дейді тиктокер.
Желіде тараған осы видеоаға қатысты мұғалімдер "өте рас нәрсе ғой, әйтеуір күнде мектепке барып, алатын айлығымызға тамақты жаздыртып ішіп, босқа жүрміз" дегенге саятын пікір жазуда.