Кавказдағы алапат көшкін 11 альпинистің өмірін қиды

Кавказдағы алапат көшкін 11 альпинистің өмірін қиды

Кабардин-Балқарияның Безенги шатқалында 33 альпинистен құралған топты қар көшкіні басып қалды. Соңғы расталған дерек бойынша 11 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді, тағы алты адамды іздеу жалғасып жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Қар көшкіні 6 қыркүйек кешінде Мижирги тауының баурайынан түскен.

Осы уақытта маршрутта 33 адамнан тұратын альпинистер тобы болған.

Он адам қар астынан өздігінен шығып, төмен түсе алған.

Алты адам түрлі жарақатпен медициналық мекемелерге жеткізілген.

11 альпинистің қаза тапқаны расталды.

Тағы алты адамның тағдыры белгісіз. Оларды іздеуге құтқарушылар мен тікұшақтар тартылған.

Операция жүріп жатқан таулы аумақта қайталама көшкін қаупі сақталғандықтан, іздеу жұмыстары күрделі жағдайда өтуде.

Ресейдің тергеу органдары оқиғаға байланысты немқұрайлылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

Барлық жаңалықтар