Ләйлә Сұлтанқызы өкінішін білдіріп, маңызды мәлімдеме жасады

Ләйлә Сұлтанқызы өкінішін білдіріп,  маңызды мәлімдеме жасады

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы қоғамды дүр сілкіндірген Меркедегі "барни үшін" қайтыс болған марқұм Мадинаның оқиғасына қатысты өз пікірін білдіріп, кей енелерге ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"Тәтті Барни - ащы болмауы керек!

«Әйел бақыты» кезінде қасымда 20-дан енді асқан жас редакторлар, журналистер, сценаристер көп болды. Күн сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйел тағдыры сияқты ауыр тақырыптарды көтердік. Оны зерттеп, кейіпкерлермен тікелей жұмыс істеген жас қыздардың психикасына бұл әсер етпей қоймады. Кейбірі ер адамдарға деген сенімін жоғалтты, көбі кейін мұндай хабарларда жұмыс істеуден бас тартты.

Сондықтан қоғамның зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке көз жұмуын тоқтатуымыз керек. Айналамыздағы адамдардың жағдайын сұрап, бір-бірімізге қарайласу маңызды.

Ұлдың да, қыздың да менталдық денсаулығына мән берейік.

Бойжеткендер, тым ерте тұрмысқа шықпаңдар. Оқыңдар, құқықтарыңды біліңдер, жұмыс істеңдер.

Жігіттер, күштерің тасыса, груша ұрыңдар, залға барыңдар. Күш көрсету - ерліктің белгісі емес.

Аналар, жақсы ене болуды үйреніңіздерші", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Барлық жаңалықтар