Мамырдағы демалыс күндері ауыстырыла ма?

Мамырдағы демалыс күндері ауыстырыла ма?
Мамырда Қазақстанда үш мемлекеттік мереке атап өтіледі:   1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі (бейсенбі); 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (сәрсенбі); 9 мамыр - Жеңіс күні (жұма). Бұл мерекелер жұмыс күндеріне сәйкес келеді, яғни қалыпты демалыс күндеріне тағы бірнеше демалыс күн қосылады.   2025 жылғы 1 мамырда қалай демаламыз? Бес күндік жұмыс аптасы үшін:   28, 29, 30 сәуір - жұмыс күндері; 1 мамыр (бейсенбі) - демалыс; 2 мамыр (жұма) - жұмыс күні; 3 және 4 мамыр - демалыс (сенбі және жексенбі). Алты күндік жұмыс аптасы үшін:   28, 29, 30 сәуір - жұмыс күндері; 1 мамыр (бейсенбі) - демалыс; 2 және 3 мамыр - жұмыс күндері; 4 мамыр - демалыс. 2025 жылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз? Аптаның ортасында Отан қорғаушылар күні, ал соңында Жеңіс күні атап өтіледі.   Бес күндік жұмыс аптасы үшін:   5 және 6 мамыр - жұмыс күндері; 7 мамыр (сәрсенбі) - демалыс; 8 мамыр (бейсенбі) - жұмыс күні; 9 мамыр (жұма) - демалыс; 10 және 11 мамыр - демалыс күндері. Алты күндік жұмыс аптасы үшін:   5 және 6 мамыр - жұмыс күндері; 7 мамыр (сәрсенбі) - демалыс; 8 мамыр - жұмыс күні; 9 мамыр (жұма) - демалыс; 10 мамыр (сенбі) - жұмыс күні; 11 мамыр (жексенбі) - демалыс. Демалыс күндері ауыстырыла ма? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған, соның ішінде 11 мамырды 8 мамырға ауыстыру да жоспарланбаған.
Барлық жаңалықтар