Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айару тікелей эфирде өзіне жаман сөз жазатындарды "ауыл", "колхоз" деп сынап, жұрттың ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.
Айару Тұрсынбекқызы өзінің жетістіктерін тізе келіп: "«Сендердің жеккөрушілікке толы пікірлерің – менің артықшылығым. Маған жағымсыз пікір жазатындардың бәрі ауылдан шыққан деп ойлаймын. Өмірде ештеңеге қол жеткізбеген адамдар. Ал мен 14 жасымда керемет билеймін, коньки тебемін, футболды жақсы ойнаймын. Сендер осылардың бірін істей аласыңдар ма? Жоқ. Мүмкін, физикалық тұрғыдан емес шығар, бірақ өздеріңді ауылдан шыққан адамдар сияқты ұстайсыңдар. Тіпті «колхозсыңдар» деуге болады», – деді.
Әлуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың бұл айтқандарына реніш білдіріп, тағы да хейт жазып жатқандар аз емес.
"Сенің әкең мен шешең де сол ауылдан шыққан", "мына қызға қой дейтін әке мен шеше жоқ па?" дегенге саятын пікір жазған жұрт Мөлдір мен Тұрсынбекке шүйлікті.