Белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев Қазақстан арнасының "Қайырлы кеш" бағдарламасында отбасылық ерекше жағдайы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Алтынбек Қоразбаев өзінің бірнеше әке-шешесі болғанын айтып: "Менің екі әкем, екі шешем болғаны рас. Биологиялық әкем Қоразбай ақсақалдың баласы болмаған. Қоразбай әкеміз соғысқа бармаған, еңбек колониясында болған.
Сол жақтан келгеннен кейін 1-2 жылдан кейін мен дүниеге келгенмін. Менің өз шешемнің аты Әлдиля 16 бала тапқан. Менің құлағым тесік, төбе шашым болған. Баласы көп болғаннан емес, өз туған інісіне ағасы, яғни менің өз әкем мені берген екен.
Он жасыма дейін білмегенмін. Қоразбай ақсақалдың қолында болдым. Өз әкемнің аты Омыралы. Екі әке мен екі шешенің тәрбиесін көрдім. Қоразбай атам өте қатал, ал Омыралы әкем өте жуас еді.
Мен он жасқа келгенде, Омыралы әкем қайтыс болды. Мен консерваторияны бітіріп, Жамбыл қаласында қызметте жүргенімде, Қоразбай әкем 75 жасында қайтыс болды. Өкінемін әрине. Оларға үлкен жақсылық жасады. Менен ештеңесін аямады. Екі әкем мен екі шешем менен еш жақсылығын аяған емес", - деді.