Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің қай ұлт өкіліне ұқсайтынын сұрап, оқырмандарына бастан өткен бір оқиғасын айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Меруерт Түсіпбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Мені сырттан көрген адамдар айтыңдаршы , мен қай ұлтқа ұқсаймын , осы?Және мәселе мені танымағанда емес, дұрыс түсініңіздер, сіз орыс деп едім дегенінде , #фрешмаркет деген магазинге қысқа күнге 40 рет барамын , бүгін кірсем ,ақ орамал жамылған жас қыз (22-23) маған кассада - Здравствуйте!! деді , Мен айттым , қыздар , тым болмаса , қазақша амандасыңдаршы деп .
Міз бақпай , орысша жалғастырды. Я думала , что Вы русская деп былш еткізді. Бастығы маңайда жүр еді, жанымызға келіп кешірім сұрады …Кассир қыз қалың беті былқ етпеді , орысша сөйлеп , сауданы жалғастырды …. Өмірімде бірінші рет , мені орыс деп ойлаған қыз , со беті бір ауыз кешірім сұрамады …",- деп жазды.