Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бастаған облыс әкімдігінің делегациясы «Қазақмыс» Тобының өңірдегі негізгі өндірістік, салынып жатқан және әлеуметтік нысандарын аралады. Өңір басшысымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі және компанияның бейінді бағыттарының басшылары бірге жүрді деп хабарлайды Democrat. kz.
Сапар бағдарламасындағы алғашқы өндірістік нысан Батыс Жезқазған кенішінің №67 шахтасы болды. Мұнда облыс әкіміне кен өндірудің технологиялық үдерісі, заманауи жерасты техникасының жұмысы және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қолданыстағы стандарттары таныстырылды.
Бұдан кейін делегация «Қазақмыс Барлау» ЖШС-ның бұрғылау алаңына барды. Мұнда Басқарма төрағасының орынбасары – геологиялық барлау жөніндегі бас операциялық директор Ғалым Нұржанов заманауи бұрғылау қондырғыларының жұмысымен таныстырып, компанияның геологиялық барлау бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады. Бүгінде Ұлытау облысында өңірдің минералдық-шикізат қорын толықтыруға бағытталған ауқымды геологиялық барлау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 50 мың қума метрден астам аумаққа бұрғылау жұмысын жүргізу жоспарланған.
Сапар барысында облыс әкімі Сәтбаев қалалық ауруханасы жанынан салынып жатқан жаңа травматологиялық пункттің құрылысымен танысты. Жаңа нысан қала тұрғындары мен кәсіпорын жұмыскерлері үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.
Осыдан соң делегация Сәтбаев қаласындағы Кенші даңқы алаңына барып, жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмысымен танысты. Жаңартылған алаң кеншілер еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі ретінде қала тұрғындарының басын қосатын заманауи қоғамдық кеңістікке және түрлі мәдени-көпшілік іс-шара өтетін орынға айналмақ.
Сапар бағдарламасы бойынша тағы бір нысан салынып жатқан геологиялық кластер болды. «Қазақмыс» өкілдері «Ұлытау университеті» КЕАҚ вице-ректоры Дәрмен Ташатовпен бірге тау-кен саласына жоғары білікті маман даярлауға бағытталған заманауи ғылыми-білім беру базасының жобасын таныстырды.
Бұдан кейін облыс әкімі NAMYS спорт кешенінде болып, нысанның қызметімен және балалар мен жасөспірімдер спорт академиясын ашу жоспарымен танысты. Құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында ауданы 5 мың шаршы метрден асатын, 150-200 тәрбиеленушіге арналған заманауи кешен салу көзделген. Академияның ашылуы 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Осыдан соң өңір басшысы «Жастар» саябағын қайта жаңғырту жұмысымен танысты. Құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын жоба аясында жаяу серуендеу және велосипед жолдары, субұрқақ пен заманауи балалар ойын алаңдары салынып, көгалдандыру жұмысы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта демонтаж жұмысы аяқталып, абаттандырудың негізгі кезеңіне дайындық жүргізілуде. Қайта жаңғырту жұмысын 2026 жылдың қазан айында аяқтау көзделіп отыр.
Сапар қорытындысында тараптар Ұлытау облысында өнеркәсіп, геологиялық барлау, әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екендерін растады.
Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өңірдегі негізгі өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты
Фото "Қазақмыс".
-
Алматыдағы тоғыз қабатты үй өртенді: 66 адам құтқарылып, эвакуацияланды18:00, 21 қыркүйек 2026
59
-
Тоқаев Қазақстан жолдарының сапасын «ахиллес өкшесі» деп атады17:30, 21 қыркүйек 2026
63
-
Алматы тауларында үш турист түн ішінде құтқарылды17:00, 21 қыркүйек 2026
62
-
Қазақстанның барлық өңіріне бір күнде дауылды ескерту жарияланды16:30, 21 қыркүйек 2026
66
-
Сыныптағы бөлме гүлдерін алу да мұғалімнің мойнына артылған ба?16:00, 21 қыркүйек 2026
229
-
Қазақстанда 10 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны жойылды15:30, 21 қыркүйек 2026
75
-
"Өз үйі жоқ": Ахметжан Есімовтің қазіргі жағдайы қалай, қайда жүргені мәлім болды15:00, 21 қыркүйек 2026
1158
-
АҚШ пен Қытай AI, сауда және сирек металдар бойынша жаңа келіссөз бастады14:30, 21 қыркүйек 2026
79
-
"Парадан бөлек айлығы": Біздегі мектеп директорлары қанша жалақы алады?14:00, 21 қыркүйек 2026
1266
-
Әлемнің 130-ға жуық басшысы Нью-Йоркке жиналады: БҰҰ-дағы басты тақырыптар белгілі болды13:30, 21 қыркүйек 2026
87
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11592
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7655
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7478
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
7091
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
6347
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
6142
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
5587
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5423