Алматының Ақсай-1А ықшамауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар 26 адамды, оның ішінде екі баланы өрт ошағынан алып шықты, тағы 40 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп жазады Democrat.kz.
Өрт 20 қыркүйек күні таңертең Әуезов ауданындағы тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылар тұрғындарды баспалдақ арқылы, автосаты және арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен шығарған.
Барлығы 26 адам құтқарылды, олардың екеуі — бала. Бұдан бөлек, ғимараттан 40 тұрғын өзге қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған.
Өрт шамамен жарты сағат ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.