Қазақстанда 10 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны жойылды

Қазақстанда 10 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны жойылды

«Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылған кезеңде елде 3,8 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 10 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны жойылған. Экология министрлігі президентке атқарылған жұмыстың нәтижесін таныстырды, деп жазады Democrat.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Мемлекет басшысына экологиялық бастаманың нәтижелері туралы баяндады.

Бағдарлама аясында Қазақстан бойынша 3,8 млн тоннадан астам қалдық жиналған.

Сонымен қатар елді мекендер мен олардың маңында анықталған 10 мыңға жуық стихиялық қоқыс орны жойылған.

Министрлік мәліметінше, осы кезеңде екі мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылған.

Президент экологиялық мәдениет бір реттік акциямен шектелмеуі керектігін айтып, қалалар мен ауылдардың тазалығын сақтау тұрақты жұмысқа айналуы тиіс екенін атап өтті.

Барлық жаңалықтар