Қазақстан мен Германия Alatau City жобасы бойынша 11 келісімге қол қойды

Қазақстан мен Германия Alatau City жобасы бойынша 11 келісімге қол қойды

Берлинде Alatau City қаласын дамытуға қатысты Қазақстан мен Германия арасында 11 ынтымақтастық келісімі жасалды. Құжаттар өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс, медицина және қалалық қауіпсіздік бағыттарын қамтиды, деп жазады Democrat.kz⁠.

Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастап барды. Кездесулер барысында неміс компанияларын жаңа өндіріс орындарын ашуға тарту және заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Келіссөздерге Henkel, SVEVIND Energy, Textima және басқа да компаниялардың өкілдері қатысты. Тараптар энергетика, су инфрақұрылымы, машина жасау және медициналық орталық құру мүмкіндіктерін қарастырды.

Alatau City жобасы шетелдік инвестиция тартуға бағытталған бастамалардың бірі. Алайда келісімдердің нақты экономикалық нәтижесі жобалардың іске асуы мен инвестиция көлеміне байланысты болады. 

Барлық жаңалықтар