«Қазақмыс» Тобының Балқаш мыс балқыту зауытында №3 анод пешіне арналған жану үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жаңа жабдықтың алдын ала пайдалану нәтижесі бойынша мазут шығыны 15%-ға қысқарды деп хабарлайды Democrat. kz.
Жоба аясында пешке автоматтандырылған басқару және қорғау жүйесі бар екі заманауи мазут оттығы орнатылды. Инвестиция көлемі 60,26 млн теңгені құрады.
Бұған дейін отын мен ауа беру қолмен реттелетін. Бұл жану үдерісінің тұрақты режимін қамтамасыз етуді қиындатып, түтіннің пайда болуына және күйенің жиналуына әкелетін.
Жаңа жүйе мазут пен ауа беруді автоматты түрде реттейді, отын шығынын бақылайды және технологиялық параметрлер рұқсат етілген мәннен ауытқыған жағдайда отын беруді тоқтатады. Бұл тұрақты жылу режимін сақтауға, отынның жану тиімділігін арттыруға және қолмен орындалатын операцияларды азайтуға жағдай жасайды.
Сонымен қатар әр агрегат бойынша мазут шығынын жеке есепке алу жүйесі енгізілді. Бұл отын тұтынуды дәлірек бақылауға, артық шығынның себебін анықтауға және анодты мыс өндіру үшін қажетті технологиялық талапты сақтауға мүмкіндік береді.
№3 анод пеші жаңа технология енгізілген алғашқы нысан болды. Нәтиже расталған жағдайда осындай жүйені №1 және №2 анод пештеріне орнату жоспарлануда.
Алдағы уақытта кептіру пештеріндегі, Ванюков пештеріндегі және конвертерлердегі жану жүйесін жаңғырту мүмкіндігі қарастырылуда.
Жоба Балқаш мыс балқыту зауытын жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ол өндірістің тиімділігін арттыруды, жабдықтардың техникалық сенімділігін қамтамасыз етуді және ресурстарды ұтымды пайдалануды көздейді.
Қолданысқа жану үдерісін басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу технологиялық үдерісті жетілдіруге және металлургиялық өндірісте отын шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытында энергия үнемдеу технологияларын енгізуде
Фото "Қазақмыс".
-
Қазақмыс Балқаш мыс балқыту зауытында энергия үнемдеу технологияларын енгізуде11:12, 06 қараша 2026
5
-
«Министр өзін сынаған мұғаліммен кездесті»: Жұлдыз Сүлейменованың әрекеті жұртты екіге бөлді10:50, 06 қараша 2026
135
-
«Жеті жасар балаға жеке аккаунт не үшін керек?»: Әзербайжандағы жаңа талап ата-аналарды алаңдатты10:31, 06 қараша 2026
17
-
"Зорығып өлген мұғалімнің жаназасы" туралы видео педагогтарды тағы шулатты (ВИДЕО)09:55, 06 қараша 2026
128
-
Титтей қызға тиіскен мұғалімге жаза кесілді09:31, 06 қараша 2026
43
-
"Қарсылық білдірген": Астанада бірнеше мұғалімді полиция ұстап әкеткен09:00, 06 қараша 2026
115
-
Google бес елдегі қызметкерлеріне өтемақымен жұмыстан ерікті кету бағдарламасын ұсынды18:00, 05 қараша 2026
90
-
Батыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырғандар саны 17 есеге жуық өсті17:30, 05 қараша 2026
165
-
Ақмола облысында электр желілерінің тозуы 90 пайызға жетті17:00, 05 қараша 2026
71
-
Қазақстанда ветеринарлардың жалақысын көтеру туралы заң жобасы қаралып жатыр17:00, 05 қараша 2026
88
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6128
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5968
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4650
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4390
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3355
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
3062
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
3047
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2885
-
"Бұл масқара емес пе?": Білікті ұстаз министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір сауал жолдады
10:00, 15 қазан 2026
2874