Әлемнің 130-ға жуық басшысы Нью-Йоркке жиналады: БҰҰ-дағы басты тақырыптар белгілі болды

Әлемнің 130-ға жуық басшысы Нью-Йоркке жиналады: БҰҰ-дағы басты тақырыптар белгілі болды

130-ға жуық мемлекет басшысы Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясына жиналып жатыр. Биылғы негізгі мәселелер қатарында Украинадағы соғыс, Таяу Шығыстағы қақтығыс, жасанды интеллектіні реттеу, азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздік бар, деп жазады Democrat.kz.

БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі апталығы әлемдегі бірнеше ірі дағдарыс қатар жүріп жатқан кезеңде өтеді.

Украинадағы соғыс және Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс басты сыртқы саяси мәселелердің қатарында болады.

Тағы бір маңызды тақырып — жасанды интеллект. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш AI технологияларына халықаралық деңгейде ортақ ережелер қажет екенін айтып келеді.

Әлемдік көшбасшылар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздығын да талқылайды. Соғыстардың халықаралық тасымал маршруттарына әсері бұл мәселелердің маңызын арттырды.

БҰҰ-ның өзінің қаржылық жағдайы да күн тәртібінде. Ұйым бірқатар елдің жарналарды қысқартуы немесе кешіктіруі салдарынан бюджет тапшылығына тап болып отыр.

Бас Ассамблея алаңында негізгі отырыстармен қатар мемлекет басшыларының ондаған екіжақты кездесуі өтеді. 

Барлық жаңалықтар