Мақпал Жүнісова ең қатты қорланған, өлгісі келген кез туралы айтып, көзіне жас алды

Мақпал Жүнісова ең қатты қорланған, өлгісі келген кез туралы айтып, көзіне жас алды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова өмірінде көрген үлкен қорлық пен жаны азапталған күндерді еске алып, көзіне жас алды. Бұл туралы әнші Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты деп жазады Democrat.kz.

Әнші Мақпал Жүнісова журналиске берген сұхбатында: "Зәкең мені саясатқа араластырмады. Әніңді айтып, тыныш жүре берші дейтін. 

Зәкең өмірден өткенде, шығармашылық өнеріме қойылған тосқауылдар өте көп болды. 

Үш жылдай менің сахнаға шығармай, сахнаға барар жолдар жабылды. Қатты қорландым, өлгім келген кездер де болды. Сол кезде анам "сенің қызың бар, еңсеңді көтер. Қызыңды өсір, жеткіз. Сол қызды өсіріп-жетілдірмесең, Заманбектің аруағы кешірмейді" деп ұрысты. 

Сол кезде еңсемі тіктеп, басымды көтеруге тура келді. Қызым үшін жігерлендім", - деп ағынан жарылды. 

Барлық жаңалықтар