Алматы тауларында үш турист түн ішінде құтқарылды

Алматы тауларында үш турист түн ішінде құтқарылды

Алматы тауларында 3100 метр биіктікте үш турист қараңғыда қалып қойды. Олардың фонарьларының қуаты таусылғандықтан, жастар өздігінен төмен түсе алмай, құтқарушыларды шақырған, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Медеу ауданындағы Шүкір асуында болған.

Үш жас азамат тауға күндіз шығып, кейін кері қайтқан. Алайда түсу кезінде олардың жарық құралдарының қуаты таусылған.

Қараңғыда таулы бағытпен жүру қауіпті болғандықтан, туристер қозғалысты тоқтатып, көмек сұраған.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары оларды шамамен 3100 метр биіктіктен тапты.

Мамандар үш туристі қауіпсіз бағытпен №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып түсіп, кейін туыстарына тапсырған.

Жастарға медициналық көмек қажет болмаған. 

Барлық жаңалықтар