Бастауыш бағдарламасы қайта қаралуда: Оқушыларды алда не күтіп тұр?

Бастауыш бағдарламасы қайта қаралуда: Оқушыларды алда не күтіп тұр?

Жаңа оқу жылында бастауыш сыныптардағы оқу жүктемесі оңтайландырылып, жас ерекшелігіне сай келмейтін кейбір тақырыптар бағдарламадан шығарылады деп хабарлайды Democrat.kz.

Ресми мәлімет бойынша, бірінші сынып оқушылары үшін арнайы бейімделу кезеңі қарастырылған. Бұл кезеңде баланың мектеп тәртібіне, сабақ ұзақтығына және оқу талабына біртіндеп үйренуіне басымдық берілуі тиіс.

«Әліппе» мен «Ана тілі» пәндерінің сағаты ұлғайып, оқу мен жазудың бастапқы дағдыларына көбірек уақыт бөлінеді. Математика бойынша оқу мақсаттары қайта қаралып, бастауыш жастағы балаларға шамадан тыс күрделі деп танылған мазмұн қысқартылады.

Соңғы жылдары ата-аналар мен мұғалімдер бірінші сынып бағдарламасының ауырлығы, үй тапсырмасының көптігі және балалардың мектепке психологиялық бейімделуі туралы жиі мәселе көтеріп жүр. Жаңа өзгерістер сол сынға ішінара жауап береді.

Алайда бағдарлама қағаз жүзінде жеңілдегенімен, оның нақты нәтижесі оқулық мазмұнына, мұғалімге берілетін әдістемеге және мектеп әкімшілігінің талаптарына байланысты болады.

Барлық жаңалықтар