Маңғыстауда 126 қой бірден қырылды: қораларға карантин енгізілді

Маңғыстауда 126 қой бірден қырылды: қораларға карантин енгізілді

Бейнеу ауылында он шаруашылыққа тиесілі 126 қой бір мезетте қырылды. Малдың барлығы бұған дейін бір су көзінен су ішкен, бірақ нақты себеп әзірге белгісіз — зертханалық сараптама жүргізіліп жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында тіркелді.

Жергілікті ветеринарлық станцияның мәліметінше, өлген 126 қой он түрлі шаруашылыққа тиесілі.

Малшының айтуынша, қойлар қырылғанға дейін бір су қоймасынан су ішкен.

Қазір оқиға орнында ветеринарлар мен аудандық аумақтық инспекция мамандары жұмыс істеп жатыр.

Өлген малдың денелері арнайы белгіленген орында жойылып, қоралар дезинфекцияланған. Мал ұсталған орындарға карантиндік шектеу енгізілді.

Мамандар биологиялық материал мен басқа қажетті сынамаларды зертханаға жіберді.

Нақты диагноз немесе малдың неден қырылғаны әзірге айтылған жоқ. Сараптама нәтижесі шамамен он күннен кейін белгілі болады. 

Барлық жаңалықтар