"Мектеп директоры "Алтын белгімді" бермей, бағымды байлады" деген оқушы масқара мәлімдеме жасады

"Мектеп директоры "Алтын белгімді" бермей, бағымды байлады" деген оқушы масқара мәлімдеме жасады

Білім гранттарының тізімі жарияланғалы, түрлі ақпараттар әлеуметтік желіде көптеп тарай бастады. Солардың бірі "Алтын белгісін" ала алмағандарға қатысты жазбалар деп хабарлайды Democrat.kz.

Threads  желісінде "Алтынбелгіні" директордың кесірінен аъла алмаған оқушы: "Барлығыңа сәлем! Мен Ершеева Үміт Романқызы өте үлкен мәселеге тап болдым. Мектеп қабырғасында 11жыл бойы«үздік» «5» деген бағаға оқып, тиісті «Алтын белгімді» ала алмадым. Себебі мектеп директоры мені «Алтын белгі» иегерлерінің қатарына енгізбеген. Конкурс арқылы мен Алматы қаласындағы «Тұран» университетінен 4жылдық тегін оқу мүмкіндігін ұтып алған едім, алайда, ең өкініштісі критерийінде «Алтын белгі» расталған жағдайда оқу мүмкін болады делінген. Енді грант жоқ, алтын белгі де жоқ.

Менің барлық дәлелім бар! Табель 1-11аралығындағы, осы уақытқа дейінгі жинаған дипломдарым, грант сертификаты барлығы бар! Тіпті директордың жағдайыма тиіскен записьі де бар. Өзіме сенімді болғандықтан, барлығын дұрыс па бұрыс па деп зерттеп болған соң ғана осылай шығып отырмын. Сіздерден тек қолдау ғана керек! Өмірім сынақтан тұрсада, құласамда ешкімге жалынған емеспін, жәй ғана өзіме тиесілі алтын белгімді алғым келеді, әділеттілік орнағанын қалаймын! ", - деген жазба жариялап, қызу талқыға түсті. 

Бұл жазбаны оқыған жұрт кей мектеп басшыларының осындай сорақы тірліктер жасайтынын, тіпті кей директор "Алтын белгі" үшін ақша сұрайтынын да жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар