"Мектепте "ет жеу" пәнін енгізу керек" дейді Ербол Мәндібек

"Мектепте "ет жеу" пәнін енгізу керек" дейді Ербол Мәндібек
Белгілі журналист Ербол Мәндібек мектеп бағдарламасына "ет жеу" пәнін енгізу керегін айтты деп жазады Democrat.kz.
 
"Бұған не айтасыздар? Мектептерде қосымша "Ет жеу" пәнін ашу маңызды. Себебі қазіргі қазақ балалары ет жеуге епсіз. Кеше қонақта болдым. Дастарқан басында 7 бала отырды. Ет турап отырған ағамыз сарыала қазыны жұқалап кесіп;
 
"Қанекей батырлар, ауыздарыңды ашыңдар
асатамын",- деп еді бәрі тұра қашты.
Түнеугүні тағы бір қонақта отырғанда бір ағамыз қойдың басын ұстап екі құлағын жейтін бала таппады.
 
Бәрі мұрындарын шүйіріп жиіркенішпен қарады.
Ет жей алмайтын баланың толық қазақ болуы, қазақ болып қалыптасуы күмән туғызады. Менің ұсынысым, мектептерде "Ет жеу" факультативті сабағын өткізу керек.
 
Оның жөні мынандай. Жағдайы бетондау ата-аналар мұғалімдерге аптасына үш мәрте табақ-табақ ет жасап апарып берсін. Мұғалім оқушыларға етті дұрыс жеудің әдістемесін үйретсе. Әрбір жілікті мүжей отырып балаларға мән-маңызын ұғындырса.
 
Ет жей алмайтын ұрпақ өсіп келеді. Бұл қорқынышты жағдай. Даламызда 4 миллион жылқы жайылып жүр. Сіңір шайнаған ұрпақ сере қазыны жемесе ұлттық жадымыз мәңгіге өшіп қалуы неғайбыл.
 
Балаларыңа ет жеп үйретіңіздер. Осы маңызды постым үшін маған күздік немесе соғым сыйлаймын деген адам болса қуана қабылдаймын" деп жазды Ербол_Мәндібек
Барлық жаңалықтар