Мемлекеттік пәтерді жекешелендіру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік пәтерді жекешелендіру тәртібі өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерді жекешелендіруге арналған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жаңартылды. Құжаттарды қабылдау мен шешім шығару кезеңдері қайта нақтыланды, деп жазады Democrat.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 30 қыркүйекте мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізді.

Жаңа құжат коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана жекешелендіру рәсімінің кезеңдерін нақтылайды. 

Бірінші кезеңде өтініш беруші тиісті құжаттарды тапсырады.

Жекешелендіру туралы өтінішке жалға алушының кәмелетке толған отбасы мүшелері қол қоюы тиіс.

Одан кейін мемлекеттік орган азаматтың тұрғын үйді жекешелендіруге құқығын және берілген құжаттарды тексереді.

Өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін біріздендіруге бағытталған.

Барлық жаңалықтар